Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Наурыз, 2020

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Жеке кәсіпкер. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр. Сонымен қатар, елордада тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті. Оның 4-еуі алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында.    

818 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз