Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Наурыз, 2020

Енді бір ай бойы Қазақстан чемпионаты өткізілмейді

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға байланысты өткізіліп жатқан барлық жарыстардың тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Футболдан Қазақстан Чемпионаты, Қазақстан Кубогы, Бірінші Лиганың және Екінші Лиганың матчтары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдайға байланысты тоқтайды.   Адамның денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмау қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірінші кезектегі міндеттер болып табылады. Біз барлығын сабырлы болуға және барлық алдын-алу шараларын қабылдауға шақырамыз. Матчтардың өтетін күндері туралы шешім кейінірек қабылданады.

975 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз