Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Наурыз, 2020

Елорданың Қоғамдық кеңесі қала тұрғындарына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды төтенше жағдайдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында билік тарапынан қолға алынған шаралар мен шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай енгізді - бұл уақтылы және қажетті шара. Коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу, оның Қазақстан экономикасына және адамдардың өміріне теріс әсерін болдырмау - біздің ортақ мақсатымыз. Коронавирус жұқтырған адамдар санының өсуіне байланысты, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз биліктің төтенше жағдайдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты енгізген шектеулерге түсіністікпен қарауымыз қажет», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ үндеуде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Үкімет пен қала әкімдігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасап жатқандығы айтылған. Елордада тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдар тұрақты режимде жұмыс істейді, көлік, кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Дүрбелеңге бой алдыруға себеп жоқ, барлығы қатаң бақылауда.

«Тыныштықты, тәртіпті сақтау, гигиенаны сақтау, оқшаулану, өзімізге және жақындарымызға қамқорлық жасау - әрқайсымыздың басты міндетіміз және вируспен күресу үшін қажетті жағдайлар. Құрметті елорда тұрғындары, біздің арамызда ел тағдырына, отбасымызға, достарымыз бен туыстарымызға ешқайсымыз бей-жай қарамаймыз, сол ретте өзара түсіністікке, сенім білдіруге шақырамыз. Біз бірлесіп, коронавирустық инфекцияны жеңеміз», - делінген Қоғамдық кеңес мәлімдемесінде.

614 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз