Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Наурыз, 2020

Ассамблея өкілдері мен еріктілер тегін бетперде таратты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан бүгінгі күні коронавирус індетінің таралуымен күресу мақсатында іске асырылып жатқаншұғыл шараларды қолдауға шақырутуралы үндеу жасады. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық азаматтарды Елбасының үндеуіне нақты әрекеттермен жауап беруге және осындай қиын сәтте көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға шақырады. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлердегі әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындарға, көпбалалы отбасыларға, әсіресе қарияларға медициналық қорғау маскаларын тарату бойынша «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, еріктілер мен қайырымды жандарқатысты. Ортақ күш-жігердің арқасында бүгінгі күні 200-ден астам отбасына материалдық көмек және қолдау көрсетілді. Өңірлерде барлығы 63 000-нан астам бетперде таратылды. Нұр-Сұлтан қаласында 600 мың теңгеден астам сомаға 3500 дана бетперде таратылды. Алматы облысының меценаттары 10000 бетперде сатып алуға материалдық қолдау көрсетті. Шымкент қаласының ҚХА өкілдері 7000 маска таратты. Қарағанды облысы Ассамблеясының мүшелері ардагерлер мен тұрмысы төмен азаматтарға арналған 7000 маска мен 96 азық-түлік жиынтығын сатып алуға көмектесті. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері қайырымдылық қаражаты есебінен бетперделер сатып алды, сондай-ақ еріктілер күшімен тағы да біршама маскалар тігілді. Аймақ бойынша барлығы 10 000 бетперде тарату жоспарланып отыр. Маңғыстау облысының еріктілері2000 аса маска тігіп, таратты. Жамбыл облысы Ассамблеясының өкілдері 53 отбасына материалдық көмек көрсетіп, 2630 бетперде мен 325 антисептикалық тауарлар таратты. Қостанай облысы ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері медициналық мекемелерге көмек көрсету туралы шақыруына үн қатып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлеріне және 50-ден астам мекен-жайға тегін дәрі-дәрмек тарата отырып,қалалық емханалардың көмекшілері қызметін атқарды. Қызылорда облысының Достық үйінде ерікті жастары ассамблеяның белсенді мүшелері мен қайырымды жандар жинаған қаражат есебінен 10000 маска тігуұйымдастырылды. Солтүстік Қазақстан облысының Еріктілер клубы және Ассамблеяның еріктілер қозғалысы орталығының мүшелері көшелерде, сауда орталықтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, медициналық мекемелерде және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирустан сақтану шаралары туралы жазылған ақпараттық парақшалартаратты. Сонымен қатар, еріктілер халыққа азық-түлік өнімдерін сатып алу, ХҚКО-да online режимінде құжаттарды рәсімдеу және алу мүмкіндігі туралы ақпарат бермек. Еріктілер зейнеткерлерге, мүгедектерге және дәрі-дәрмекке мұқтаж басқа да адамдардың мекен-жайына дәрі-дәрмек құралдарын жеткізді. Үй жағдайында маскалар тігу ұйымдастырылып, олардың барлығы да мұқтаж жандарға таратылатын болады. Аймақ бойынша барлығы 10 000 маскамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері әлеуметтік желілерде коронавирустық инфекцияның алдын алу, болдырмау және одан сақтану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының акциясы жалғасуда.

968 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз