Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Наурыз, 2020

180-ге жуық қазақстандық Грузия мен Ресейден елге жеткізілді

Грузия мен Ресейден 180-ге жуық қазақстандық азамат елге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. «Коронавирус пандемиясы тудырған әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандық әуе компаниялар Қазақстан азаматтарын қайтару рейстерін орындауда. Өткен тәулік ішінде азаматтық авиацияның әуе кемелерімен шет елдерде қалған жолаушыларды тасымалдау үшін бірқатар рейстер жасалды. Air Astana авиакомпаниясы Тбилисиден Алматыға 143 жолаушыны, Scat авиакомпаниясы Мәскеу қаласынан (Внуково) 35 жолаушыны, оның ішінде транзитпен келген қазақстандық туристерді елімізге алып келді», - делінген ақпаратта.  

376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз