Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Наурыз, 2020

Дәурен Абаев: Бұл індет Қазақстанға басқа елдермен салыстырғанда кешірек келді

Үкімет коронавируспен күресуге толықтай дайын. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. «Өздеріңіз жақсы білесіздер, бұл індет Қазақстанға басқа елдермен салыстырғанда кешірек келді. Бұл бізге коронавируспен күрескен елдердің тәжірибесін зерделеп, тиімді тұсын пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан, Үкімет коронавируспен күресуге толықтай дайын», - деді министр. Осы ретте ол елімізде енгізілген төтенше жағдай мен карантин бизнеске теріс әсер етіп, экономикаға үлкен салмақ түсіретінін баса айтты. «Сондықтан мемлекет өзінің әрбір азаматына қамқорлық көрсетеді. Бизнеске жәрдем береді. Алайда, вирусқа қарсы ең тиімді, ең күшті тәсіл бар. Ол – әр адамның оқшаулануы мен жеке бас тазалығын сақтауы. Сондықтан, өзіміз бен жақындарымыз үшін үйде болайық. Аман болайық!», - деді Дәурен Абаев. inform.kz 

662 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз