Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Наурыз, 2020

БІЗ БІРГЕМІЗ! (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, қазіргі елдегі жағдайға байланысты жарыққа шыққан жаңа әнге байланысты өзінің фейсбук парақшасында пікір білдірді. Мәулен Әшімбаев: "Қазіргідей көңіл құлазыған шақта елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтататын дүниелер ауадай қажет. Осы орайда «Хабар» агенттігінің көмегімен жарық көрген Ибрагим Ескендір бауырымыздың мына бір тамаша әнін дер кезінде қолға алынған игі іс деуге болады. Елдік пен бірлікті дәріптейтін, ұлтты ұйысуға шақыратын мұндай туындылар ынтымағымызды одан әрі арттыра түсері сөзсіз.Біз бұған дейін талай тар жол, тайғақ кешуден аман шыққан халықпыз. Сол сияқты бұл сынақтан да сүрінбей өтетінімізге сенімдімін. Ең бастысы, қиын-қыстау сәтте халықтың жұдырықтай жұмыла түскені қуантады. Осы бірлігіміз мәңгілік болсын!"- деп халыққа үндеу жазып жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=Oukm9aiCZFw&feature=youtu.be&fbclid=IwAR3O-EpysKydiQitPkm2N1Gy3gbYFPgHRX_erMjxmfCShok69TdBjjJOmRg ⠀ #BizBirgemiz

6205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз