Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Наурыз, 2020

Далада маскамен жүруге бола ма? Комаровский не дейді?

Танымал украиналық дәрігер Евгений Комаровский коронавирус туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Видео дәрігердің Youtube хостингінде жарияланды. Дәрігер бірінші кезекте бөлмені бірнеше рет желдетіп тұру керегін айтады. Оның айтуынша, вирус ауасы жоқ бөлмеде 3-4 сағатқа дейін сақталады.
 "Бөлмені жиі желдетіп, бір-біріңізден 2 метр қашық тұрсаңыз ешқандай да вирус жұқпайды", - дейді ол.
Сондай-ақ, Комаровский вирустың белгілері аса байқалмаған кезде үй жағдайында өз бетінше емделуге болатынын айтады. https://www.youtube.com/watch?v=BQLYF6r6qUo&feature=emb_logo Тыныс алуы қиындамаса үйде-ақ емделуге болады дейді. Дегенмен кез келген адам өзін өзгелерден оқшаулауы керек. Бұдан бөлек, дәрігер далада маска тағып жүрудің қаншалық қауіпті екенін және вирустың алдын алуда дәрумендердің әсер ету-етпеуі туралы сұрақтарға жауап берді. tengrinews.kz  

714 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз