Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Наурыз, 2020

«Birgemiz» қоғамдық қорының негізгі 10 қағидаты белгілі болды

Елбасы, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының басшылыққа алатын негізгі 10 қағидаты бекітілді.
  1. 1. Ерікті жарналар мен қайырымдылық көмек. Барлық қайырымдылықты бизнес өкілдері тек жеке қаражаты есебінен ерікті түрде жасайды. Бюджеттік ұйымдардан, сондай-ақ жалақыдан аударымдар қабылданбайды.
  2. Атаулы сипаты. Тікелей жеке қолдау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына (жасына байланысты COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары жандарға, коронавирустың зардабын шеккен және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған тұрмысы төмен қазақстандықтарға) көрсетіледі. Санаттар нақтылануда. Көмек елдің індет жұқтыру қаупі жоғары ірі қалаларының тұрғындарына беріледі.
  3. Көмектің әділдігі. Көмек алушылардың тізімін анықтауда субъективті пайымдаулар мен дауларды болдырмау үшін Қор заңнама талаптарына және мемлекеттік органдардың (министрліктер мен әкімдіктердің) ресми деректеріне сүйенеді.
  4. Қолма-қолсыз және байланыссыз көмек. Барлық төлемдер, транзакциялар, есеп айырысулар тек қолма-қол ақшасыз үлгіде жүзеге асырылады, бұл қаржы жұмсалымдарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.
  5. Қор қызметінің уақыт бойынша шектелуі. Қордың қызметі инфекцияның таралуына байланысты елдегі төтенше жағдайдың ұзақтығымен шектеледі.
  6. Қор қаражатының мақсатты жұмсалуы. Әкімшілік, ұйымдастырушылық шығыстары «Nur Otan» партиясының қайтарымсыз көмегі есебінен өтеледі. 7. Үнемділік және тиімділік. Әлеуметтік және гигиеналық пакеттерге салынатын тауарлар бәсекелік негізде тауардың сапасы мен құнының оңтайлы қатынасы ескеріле отырып сатып алынады.
  7. Қазақстандық өндірушілерді қолдау. Әлеуметтік пакеттерді жасау үшін тауарлар, Қазақстанда жасалмайтын тауарларды қоспағанда, тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынады.
  8. Қордың қаражаты мен мемлекеттік бюджет арасының нақты ажыратылуы. Көмек заттай әлеуметтік пакеттер (азық-түлік себеті), қорғаныс құралдары (антисептиктер, маскалар, қолғаптар), қолма-қол ақшасыз төлемдер түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен төленетін қажеттіліктер қаржыландырылмайды.
  9. Қордың ашық, айқын қызметі. Қор қызметінің ашықтығы мен айқындығы қордың басқармасынан жауапты тұлғаның күнделікті брифинг өткізіп, толықанды ақпаратты беруі, түскен қаржы мен көрсетілген көмек туралы есептерді тұрақты түрде жариялайтын арнайы сайт құру арқылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар қоғамдық қорда ұйым қызметінің өз жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кіретін қамқоршылар кеңесі жүзеге асыратыны аталып өтті. Қаражаттың жұмсалуын тексеру комиссиясы бақылайды.    

532 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз