Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Наурыз, 2020

ҚЫТАЙДА ҚАУІПТІ ВИРУС АНЫҚТАЛДЫ!

Қытайдың БАҚ өкілдері елде жаңа вирустың пайда болғанын мәлімдеді. Юньнань аймағындағы жасы анықталмаған ер адам жануарлар арқылы жұғатын "хантавирус" індетіне шалдыққан. Іргелес қалалардың біріне автобуспен жолға шыққан жігіттің аяқ астынан денсаулығы нашарлған. Одан өзге автобуста 32 жолаушы отырған. Қазір дәрігерлер олардың барлығын карантинге жапты. Хантавирус індетін таратушылардың кеміргіштер екендігі белгілі. Вирус жұқтырған кеміргіштер мен жануарлар жүрген жерде індет ауа арқалы тез таралып кететін көрінеді. Аурудың алғашқы белгілеріне: бас ауруы, жөтел, әлсіздік, ас қорыту кезінде пайда болатын қиындық секілді бірқатар симптомдар кіреді. АҚШ-тың жұқпалы ауруларды зерттеу институты мамандарының пікірінше бұл вирустың дені сау, бұрын соңды денсаулығына шағымданбаған адамдардың өзіне тез жұғып кету қаупі бар.

782 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз