Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Наурыз, 2020

16 наурыздан бастап «7-20-25» және «Баспана хит» бойынша ипотека төлемі 90 күнге шегерілді

ҚР Ұлттық банкі халықтың қаржылық ахуалын жақсарту үшін «7-20-25» және «Баспана-хит» бағдарламасына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. Ұлттық банктің хабарлауынша, елде ТЖ енгізілуіне байланысты жұмысынан айрылған клиенттерге негізгі қарызды төлеуді кейінге шегеруге 90 күн мұрсат берілді. Осы уақытта оларға айыппұл және өсім саналмайды. «Банктерге әр мәселені жеке шешу үшін барлық шараны қабылдау керек болып тұр. ТЖ кезінде қиын жағдайда қалған клиенттер үшін төлем тетігі өзгереді. Бұл өзгерістердің барлығы несие алушының несие тарихына енгізілмейтін болады», - деді Ұлттық банктен. Несие алушылар үшін бұл уақыт 16 наурыздан, яғни ТЖ енгізілген күннен бастап саналады.

410 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматыда күніне екі уақыт дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі
Келесі мақала Америкадан 55 қазақстандық елге оралды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *