Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2020

Мұғалімдер  медициналық қызметкерлерге көмек көрсетуде

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушыларынан құралған волонтерлік топ "Біз біргеміз!" жалпыұлттық акциясы аясында игілікті іске мұрындық болды. Атап айтқанда, оқу орнының Педагогика және психология факультетінің ұжымы Алматы қаласының подъездері мен аулаларын дезинфекциялау жұмыстарының күшеюіне байланысты туындаған жағдайға орай медициналық қызметкерлер үшін университет жатақханаларында арнайы жатын орындар дайындады. Факультет деканы Сайра Жиенбаеваның айтуынша, бұл іске оқытушылардың өздері ынталы болып, бастама танытқан. –"Алматыдағы карантин режимінің күшеюіне байланысты облыс аумағында тұратын медициналық қызметкерлердің қалаға кіріп-шығуына шектеу қойылмақ. Мәліметтерге сүйенер болсақ, олардың басым бөлігі кіші медициналық персоналдар мен медбикелер. Ақ халаттылардың қалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатымен осындай іске ұйытқы болуды ұйғардық. Бұл шара - университет оқытушыларының елімізде қалыптасып отырған жағдайға бейжай қарай алмайтынын көрсетеді, – дейді С.айра Жиенбаева. Қазіргі күнде 200-ге жуық төсек-орын дайындалған. Сонымен қатар әрбір бөлмеде арнайы дезифекциялық жұмыстар да жүргізілді. Алдағы күндері оған денсаулық сақтау саласының қызметкерлері орналаса бастамақ. –"Осы орайда айта кетейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні ел халқына үндеу жолдады. Мемлекет басшысы өз үндеуінде бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға шақырып, қалыптасқан күрделі жағдайды отандастарымызбен бірге еңсеретінімізге сенім білдірген болатын. Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде "Біз біргеміз!" жалпыұлттық акциясы өтуде. Оған елжанды азаматтардың барлығы да өзіндік үлестерін қосуда. Азаматтығымыз бен елдігіміз сыналар сәтте қолға алынған осынау игілікті іс парасат пен тағылым ордасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде осылай жалғасын тапты, – деп атап өтті оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан

682 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз