Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2020

Коронавирус індетін жұқтырғандар саны әлемде 475 мыңнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 475 мыңнан асып жығылды. Бір тәулікте 2400-ден астам адам қаза болды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 26 наурыз таңындағы жағдай бойынша, дүниежүзі бойынша COVID-19-ға шалдыққандар саны 475 087-ні құрады. Статистика бір тәулікте 50 865 адамға артты. Барлығы қайтыс болғандар – 21 400, бір тәулікте – 2407 адам. Жазылып шыққандар саны 110 658, бір тәулікте – 4852 адам.  

585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз