Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Наурыз, 2020

Мәскеуде шұғыл түрде аурухана салынуда

Ресей астанасы Мәскеуде жақын арада жаңа жұқпалы ауруларды емдейтін емхана ашылады. Қазіргі уақытта нысанның құрылысы шұғыл түрде жүргізілуде. Аталмыш мекемеде коронавирус жұқтырған науқастар емделетін болады. Емхананы шұғыл түрде салу туралы бұйрықты ел үкіметі мен қала басшылары федерация аумағында жоғары дайындық режимі енгізілгеннен кейін дереу іске асыруға кіріскен. Болашақ аурухана қалашығының аумағы 40 гектарды құрайды. Белгіленген аймақта 50 нысан бой көтереді. Олардың ең маңыздылары жаңа емдеу корпустары мен жансақтау бөлімдері. Сондай-ақ дәрігерлерге арналған жатақхана мен коронавирустың адам бойында бар жоғын анықтайтын жаңа зертхана салынуда.

1282 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз