Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты. Өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырған ҚР Президенті: «64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз»,-деп жазды.  

721 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз