Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Наурыз, 2020

Олимпиада ойындарына қатысты шешім шықты

Жапония мен Халықаралық Олимпиада комитеті Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу туралы келісімге келді, - деп хабарлайды NHK арнасы. Жапондық мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, Токиодағы Олимпиада ойындары 23 шілдеде басталып, 2021 жылы 8 тамызда аяқталады. Паралимпиада 2021 жылдың 24 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында өтеді. Мұндай келісімге Халықаралық Олимпиада комитеті, Токио-2020 Ұйымдастыру комитеті, Жапония астанасының билігі және Жапония үкіметі арасындағы келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілді. Жапонияның Токиодағы Олимпиадалық ойындар жөніндегі министрі Сейко Хашимото, бұған дейін Олимпиаданы болдырмау мәселесі қарастырылмағанын алға тартты.

1216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз