Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Наурыз, 2020

ҰБТ-ны маусым айының аяғында өткізу жоспарланған

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ өткізу мерзімі туралы түсініктеме берді. «ҰБТ-ны маусым айының аяғында өткізу жоспарланған, оны да ауыстыруға еш қажеттілік жоқ. ҰБТ сынама тесттерін ақысыз өткізу бойынша жағдай жасадық. Тестілеудің 70 нұсқасын тегін ҰБТ сайтына шығардық, көптеген балалар сынама тесттен тегін өтіп жатыр», - деді министр. Сонымен қатар, А. Аймағамбетов балалардың жазғы каникулы қысқармайтын айтты. «Тоқсандық демалысқа бір апта ерте шығу оқу жылын ұзартуды қажет етпейді. Қазіргі уақытта мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Жазғы каникулды қысқарту да жоспарымызда жоқ. Алдағы уақытта күтпеген оқиғалар болып жатса, ойлануымыз мүмкін. Бірақ, әзірге бұл мәселе көтерілген жоқ», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сауалына.

910 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз