Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Наурыз, 2020

Қайрат Нұртас отбасымен жаңа челлендж бастады

Қайрат Нұртас отбасылық челлендж бастады. Ол бала-шағасымен, жары Жұлдызбен бірге ломбада биледі. Бұл көрініс желідегі оқырмандарының көңілінен шықты.

Қайрат Нұртас отбасымен өзінің орындауындағы "Ломбада" әніне биледі. Челленджде кенже балаласы Ханның да әкесінен қалмай, билегенін көруге болады. "Би - еркіндік белгісі. Би өмірді ұзартады, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады және бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға септігін тигізеді. Сондықтан достар бізбен бірге билеңіздер. Осы отбасылық би челленджін барлық оқырмандарыма жолдаймын. Айпақшы мені белгілеуді ұмытып кетпеңіздер", - деп жазды Қайрат желіде. Осылайша әнші көпшілікті үйде болуға шақырды. Үйде отбасымен қалғанда уақытта осылай көңілді өткізуге кеңес береді. "Бала-шағаңмен қандай әдемі көрініс. Балалары мәз, әкесі қасында", "Биді қалай күшті билейсің, нағыз хореографсың", "Жұлдыз да, өзің де, балаларың да жақсы билейді, тамаша бастама", - деп жазады желідегілер. stan.kz

1607 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз