Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Сәуір, 2020

Мұқтаж отбасыларға 12 млн теңгеден астам көмек көрсетілді

«Біз біргеміз» акциясының аясында «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы 793 мұқтаж отбасыға көмек берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.   Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күресті күшейту мақсатында халыққа көмек көрсетуге бағытталған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы басталған болатын. Партия филиалының мәліметіне қарағанда, партия мүшелерінің, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен құны 12,3 млн. теңге болатын азық-түлік пен жеке гигиена құралдары сатып алынды. Партияның аймақтық филиалдары, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобасының аясында жалпы саны 793 отбасыға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және азық-түліктермен көмек көрсетілді. Атап өтсек, облыста "Біргеміз, Жетісу" қайырымдылық қоры құрылып, қор жұмысы өңірдегі халықтың әлеуметтік  әлжуаз топтарына қажетті көмек көрсетуге бағытталған.

690 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз