Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды. Бұл туралы қала əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады.

684 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз