Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Сәуір, 2020

1 адамнан 10 адамға вирус жұққан

Еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың статистикасы бойынша, 1 науқас 10 адамға дейін індет жұқтырған. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингте айтты. "Бүгінде тіркелген 369 жағдайдың 91-і шет елден келгендер. Қалғаны бірінші, екінші, үшінші адаммен қарым-қатынас жасағаннан жұққан. Бұған қоса, 1 науқас 10 адамға жұқтырған жағдайлар бар. Бұл - біздің статистика. Вирус - өте жұқпалы. Бір адам 4 адамға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан карантинді сақтайық", - деді бас санитар дәрігер.

1003 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз