Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Сәуір, 2020

Алматы маңы дронмен бақыланады

Мегаполистегі атты патруль қала төңірегін дронмен бақылай бастады. Алматыдағы №13 постта кезекші полиция қызметкерлері бақылау бекетінен өтіп, қалаға кіруге және қаладан шығуға тырысатын адамдарды анықтап жатыр. Бұл жағдайда тәртіп сақшыларына қала мен Алматы облысының шекаралас белдеуінде орналасқан күзет мекемесінің қызметкерлері көмектеседі. «Жоғарыдан бақылау арқылы қаладағы карантин режимін бұзушылардың нақты орналасқан жерін білуге және анықтауға болады. Бұл аймақта тәулік бойы тау бөктерінде азаматтық квадрокоптермен бірге атты патрульдер де жұмыс істейді, бұл ереже құқықбұзушылардың қашуына мүмкіндік бермейді. Осы аймақ арқылы өтуді қалайтын адамдардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Тауларға жақындағанда құқықбұзушылар дронды, атты патрульді көріп, артқа шегінеді. Осыған байланысты күзет агенттігінің алғыс айтамыз», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.  

547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз