Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Сәуір, 2020

Коронавируспен күресте психологиялық көмек беретін сайт ашылды

Халыққа психологиялық көмек беру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (ЮНИСЕФ) covid-19.mentalcenter.kz сайтын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Аталған сайтта өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, психологтың немесе психотерапевттің кеңесін тыңдай аласыз. Ол үшін алдын ала өтінім қалдыру керек. Өтінім берушіге сілтемесі бар СМС-хабарлама келеді. Ол сілтемеге өткеннен кейін тиісті маманмен белгіленген уақытта әңгімелесуге болады», - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында. Аталған жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік және мемлекеттік емес секторда еңбек ететін 50 маман тартылған. Жоба арқылы коронавирус инфекциясы таралған уақытта жергілікті жағдай ескерілген үздік халықаралық психологиялық көмек беріледі. Дереккөз:  ҚазАқпарат.

923 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз