Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Сәуір, 2020

Бүгіннен бастап кейбір тауарларға шекті бағалар белгіленді

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы белгіленді. Сауда, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды. Бүгіннен бастап келесі тауарларға шекті бағалар белгіленеді: бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, түтік кеспе (таразыда өлшенетін), қарақұмық жармасы, тегістелген күріш, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), тауық жұмыртқасы (І санат), күнбағыс майы, ас тұзы ("Экстрадан" басқа). "Соңғы айдағы азық-түлік тауарларына жасалған талдау нәтижесінде, бұл қазақстандықтардың жиі сатып алатын тауарлары болып шықты. Биылғы жылдың басынан бері дәл осы тауарлардың бағасы өсті", - делінген хабарламада. Әр өңір үшін баға бөлек белгіленген. Мәселен, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бір келі нанның Нұр-Сұлтандағы ең қымбат бағасы 150 теңге, Алматыда - 146 теңге, Шымкентте - 146 теңге бола алады. Өңірлерде: Маңғыстау облысында - бір келі нан үшін 164 теңге, Ақтөбе облысында - 147, Атырау облысында - 164, Ақмола облысында - 160, Қостанай облысында - 139, Қызылорда облысында - 143, БҚО - 160, ШҚО - 150, Павлодар облысында - 161, СҚО - 120, Алматы облысында - 144, Жамбыл облысында - 138, Түркістан облысында - 148 теңге. Қарағанды облысында бағалар елді мекендерге байланысты белгіленген. Онда бір келі нанның құны 142-ден 160 теңгеге дейін. Алайда бір бөлке нан (кірпіш) - 550 грамм. Осылайша, нан (кірпіштің) бағасы, мысалы, Нұр-Сұлтанда - 82,5 теңгеден, Алматы мен Шымкентте - 80,3 теңгеден аспайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсатсыз баға көтерілсе, 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісі Нұр-Сұлтанда - 197, Алматыда - 211 болуы тиіс. Ал кеспе астанада - 230, Алматыда - 209 теңге. Екі қалада қарақұмық жармасының бағасы бірдей - 339 теңге. Күріш Нұр-Сұлтанда -307 теңге, Алматыда - 310 теңге тұрады. Сиыр еті астанада 2113 теңге және Алматыда - 2169. Он жұмыртқа - тиісінше 351 және 367 теңге. Күнбағыс майы Нұр-Сұлтанда - 481, Алматыда - 434. Тұз - 55 теңге, Алматыда -59 теңге.  

810 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз