Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Сәуір, 2020

Жолдар жабылуда

Кей өңірлерде қар жауып, жолдар жабылды Мемлекеттік баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа райының қолайсыз болуына байланысты елде жалпы ұзындығы 942 шақырымды құрайтын алты тас жол жабылды: Екатеринбург — Алматы тас жолының 444—540-шақырымы (Фёдоровка — Қостанай бөлігі). Екатеринбург — Алматы тас жолының 555—686-шақырымы (Тобыл — Сарыкөл бөлігі). Қостанай — Әулиекөл — Сурган тас жолының 3—106-шақырымы (Қостанай — Әулиекөл бөлігі). Мамлютка — Қостанай тас жолының 250—404-шақырымы (Ұзынкөл — Тобыл бөлігі). Қарабұтақ — Комсомольское — Денисовка — Рудный — Қостанай тас жолының 547—231-шақырымы (Қостанай — Ақтөбе облысымен шектесетін жері). Денисовка — Жітіқара — Мүктікөл — РФ шекарасы тас жолының 0—50- және 82—174-шақырымы (Денисовка — РФ шекарасы бөлігі). Қазіргі уақытта аталған жол бөліктерінде 517 дана жол техникасы жұмыс істеуде. Қыс қайта оралған өңір тұрғындарына қысқы дөңгелекпен сапарға шығуға кеңес берілді.

718 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз