Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Сәуір, 2020

СДУ үш апталық қашықтан оқытуға сараптамалық талдау жасады

СДУ әкімшілігі студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы арасында сауалнама жүргізді, оның мақсаты қашықтықтан оқыту форматына көшу бойынша тәжірибені сараптау болып табылады. Зерттеу негізін ререспонденттерден үйде оқытукезінде туындайтын ресурстар мен қиындықтар бойынша ақпарат жиналды.   Сауалнамаға бакалавриат, магистратура және докторантураның 1650 студенті қатысты. Айта кету керек, бірінші және екінші курс студенттері сауалнамаға қатысып, аса белсенділік танытты. Студенттердің қашықтықтан оқыту кезінде немен күресетіні және нақты уақыт режиміне неғұрлым оңтайлы бейімделуі бойынша ұсыныстарын анықтау мақсатында толығырақ ақпарат жинау үшін сұрақтар бірнеше санатқа бөлінді: интернетке қолжеткізу, мотивацияны сақтау, тапсырмалар мен орындау мерзімдері, техникалық қиындықтар, үй жағдайында оқу әсері мен ерекшеліктері, онлайн-платформаларды пайдалану және қатысу. Зерттеу көрсеткендей, студенттердің 80% - дан астамы қажетті жабдыққа, интернетке және бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізе алады, қосымша құрылғыларды (смартфондар және басқа гаджеттер) пайдаланады, өйткені бағдарламалық қамтамасыз етудің қолжетімділігі ноутбукқа қарағанда 5% - ға жоғары. Сонымен қатар, респонденттердің 15% интернетке қолжетімдігі жоқ деп мәлімдеді. Білім алушылардың 65%  оңаша болу үшін тыныш кеңістіктің жоқтығына тап болды. Мотивацияның сақталуы респонденттер үшін аса күрделі болып шықты (27% оларда елеулі проблема бар екенін, ал 45% -елеусіз екенін көрсетті). Сонымен қатар, респонденттердің едәуір бөлігін (65%) тайм-менеджментті оңтайлы пайдалну және үй жағдайында оқытуға бейімделумен байланысты қиындықтар толғандырады. Студенттер мен оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларға дағдылануы аса қиындық туғызбайды, тек 6% үшін бұл күрделі екен. 600-ден астам білімгер оқу процесіндегі қиындықтарға байланысты ашық пікір қалдырды. Мәселен, тапсырмалар мен оларды орындау мерзімдері бойынша кейбір респонденттер тапсырмалар санының күрт өсуін атап өтті, соның салдарынан үй міндеттемелерін орындауға бос уақыт қалмайды. "Оқытушылар студенттердің қазіргі уақытта бос уақыты көп деп ойлап, үй тапсырмасын шамадан тыс жүктейді, бізге белгіленген мерзімде тұру үшін күні-түні жұмыс істеуге тура келеді", - деп атап өтілген студенттердің пікірінде. Интернет сапасы қашықтықтан оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты көптеген студенттер өз туған қалалары мен ауылдарына қайтып кетуге мәжбүр болды. Онлайн-платформаларға қосылған техникалық іркілістер де сабақтардың тиімсіздігіне әкеледі. Кейбір студенттер интернет провайдерлер қызметінің қаржылық аспектілеріне байланысты мәселелерді айтады. Мысалы," бір пән (50 мин) мегабайттардың едәуір санын алады, айдың соңына дейін көптеген студенттер интернетсіз қалады", - деп атап өтті студенттердің бірі. Көбісі бейімделу кезеңі өте қиын екендігін айады, себебі үйге оралғаннан кейін,үй міндеттері мен оқуын бірге алып жүруге тура келеді. Жиі айтылған проблемалардың қатарында студенттердің білімін бағалау жүйесі туралы алаңдаушылық болды. Респонденттер силлабустарға кейбір түзетулер енгізе отырып, өздерінің оқытушыларын адал болуды сұрайды. Сондай-ақ, студенттер көптеген түрлі онлайн платформаларды пайдаланады, ал бұл интернет трафикті көп талап етеді. Өз кезегінде сауалнамаға 200-ден астам оқытушы қатысты. Жалпы, оқытушылар ұсынған тиімді керібайланыс онлайн-оқуға теріс көзқарасты көрсетпейді. Кейбіреулер онлайн оқыту жаңа нәрсе емес екенін мойындайды. Дегенмен, көпшілігі педагогикалық жүктеменің артқанын, онлайн-оқытуға дайындық дәстүрлі оқытуға қарағанда көп уақытты талап ететінін атап өтті; жобаларды бағалау                                                және          студенттермен кері байланыс күрделілігікөп уақытты алады. Сондай-ақ, оқытушылар үлкен жүктеме беретін үй міндеттемелеріне тап болғанын, онлайн-оқытуға ө зәдістерін бейімдеуде қиындықтардың туындауын атапөтті. - Оқытушылар мен студенттердің барлық пікірлерін ескере отырып, СДУ әкімшілігі академиялық саясатқа өзгерістер енгізді, онда жүктемені жеңілдететін және оқытушылар мен студенттерді жұмыс пен оқуға ынталандыратын бірқатар кешенді шешімдер ұсынылды, - деп атап өтті СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев.

2623 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз