Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Сәуір, 2020

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев): Тоқаев күшіне кіріп келе жатқан сияқты...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзін интернеттен тауып алып оқып шықтым. Дұрыс нәрсені дұрыс деп бағалаған жөн ғой. Коронавирустық қауіптің ауқымы мен салдарын айна-қатесіз ұғып, соған лайықты шаралар кешенін ұсыныпты. «Мақалаға» қарағанда әлдеқайда мазмұнды. Полицияға жазалау шараларына құмар болмай іс-қимылы ақылға қонымды болуы тиістігін ескертіпті. Аурулармен тікелей байланыста жұмыс жасап жатқан 30 мыңдай медицина қызметкерлерінің еңбегіне көңіл бөлгені де құптарлық. Тек антивирустық майдан қаһармандары медиктер мен полицияға, әскерилерге, волонтерлерге монумент орнату туралы ұсынысы тым артықтау көрінді. Білім саласында орын алып тұрған жүйелік кемшіліктерді, банк кәртішкелерін шығаруға байланысты оралымсыздықтарды жедел түзетуге тапсырма берді. Банк, қаржы жүйесін тұрақтандыру шараларын қолға алған да дұрыс. Тек бұл Ұлттық қордан немесе Бірыңғай зейнетақы қорынан банктерге қаражат аудару жолымен шешілмеуге тиіс. Бізге банк жүйесінің баюы маңызды емес, бізге банк жүйесінің халыққа қызметі маңызды. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері онсыз да халықты тапап келе жатқан олигарх «танктері». Олардың байлығы өздеріне жетеді. Сондықтан халықты қанаушылар өздерінің қамын өздері жесін. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша қолға алынған бірқатар жобалардан нақты нәтиже болуы керек. Көктемгі егістің сапалы жүргізілуі –халықтың алдағы күз-қыс маусымындағы тағдыры. Оған байланысты министрліктер мен әкімдер алдына қойған талабы өте орынды. Жалпы Тоқаев күшіне кіріп келе жатқан сияқты көрінді. Енді кітапхананың оқырманы болудан кітапхананың қожайыны болуына нәсіп етсін!

http://Marat Baidildaulyның фейсбук парақшасынан

   

888 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз