Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Сәуір, 2020

«ХАБАР» АГЕНТТІГІ #АрдагерЕрлігі АТТЫ ЖОБАНЫ ҰСЫНАДЫ

9 мамыр қарсаңында «Хабар» Агенттігі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерін еске тағы бір мәрте алуға мүмкіндік сыйлайды. Арнайы жоба аясында, кез келген адам  Ұлы Отан соғысына қатысқан өзінің жақынының ерлік жолы туралы айтып бере алады, - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. Жобаға қатысу үшін, әлеуметтік желілерде өз отбасыңыздың тарихы мен суреттерін #ВашиПодвигиНеЗабыты, #АрдагерЕрлігі, #ХабарПомнит  хештегі мен «Хабар» Агенттігін (@khabartv) белгілеуіңіз қажет. Ең жүрекжарды деген тарихи ерлік жолдар «Хабар» телеотбасының  арналарының эфирінде көрсетіліп, Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған бейнероликтің негізіне  алынады. «Жылдар өте, сол қанмайданның көзін көрген, тірі кәугерлердің қатары сиреп барады, бірақ ардагерлердің ерліктері қашан да біздің жадымызда. Біз батырларымызды құрмет тұтып, оларды жаһанға жария етуден жалықпаймыз. Және де оларға, бүгінгі бейбіт өміріміз  бен ашық аспанымыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз»,-дейді ұйымдастырушылар. Ұлы Жеңіс күні – біздің еліміздің азаматтары үшін ерекше мейрам күні. Ұлы Отан соғысы адамзат тағдырынан баса көктеп кіріп, әр отбасында ауыртпалықты арқалаған өзінің өшпес ізін қалдырып кетті.   https://www.youtube.com/watch?v=2vqCWfKkpN0&feature=youtu.be  

1973 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз