Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Сәуір, 2020

Том мен Джерри туралы әйгілі мультфильмнің авторы қайтыс болды

"Том и Джерри" және "Моряк Папай" мультфильмдерінің авторы Джин Дейч 95 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Сartoon Brew. Басылымның мәліметінше, Дейч 17 сәуірге қараған түні өз пәтерінде қайтыс болған. Ол Прагада тұрған екен. Аниматордың өлімінің нақты себебі айтылмады. Отбасы мүшелері оның коронавирустан қайтыс болмағанын айтады.
  Фото:facebook.com/gene.deitch.9
Айта кетейік, аниматордың "Манро" фильмі "Оскар" жүлдесінде үздік қысқаметраж фильм ретінде жүлде алған еді. Ал 2004 жылы Дейч анимацияға үлесін қосқаны үшін Winsor McCay Award жүлдесін алған. tengrinews.kz

1160 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз