Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Сәуір, 2020

Елжан Біртанов коронавирус инфекциясына тест тапсырады - ҚР ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұрынғы вице-министр Камалжан Надыровтан өзге қызметкерлерге КВИ жұғуы мүмкін ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

«Өздеріңізге белгілі, 30 наурыздан бастап, Денсаулық сақтау министрлігі толықтай қашықтан жұмысқа көшкен болатын. Сондықтан, министрлік ішінде дерт жұқтыру қаупі минималды, қызметкерлердің 90 пайызы үйден жұмыс істеп отыр. Жұмыста министрдің өзі (Елжан Біртанов - ред.) және 3-4 адам ғана қалды. Олардың да әрқайсысы жеке кабинетте болғандықтан, жұқтыру қаупі аз деген ойдамыз. Дегенмен, бүгін министр Елжан Амантаев коронавирус инфекциясына тест тапсырады. Нәтижесі шыққан соң, әрине хабарлаймыз», - деді Диас Ахметшәріп ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Оның айтуынша, К. Надыровпен жақын және ықтимал байланыста болғандар анықталып жатыр. Эпидемиологиялық тексеру басталды.

«Соңғы күндері Камалжан Надыров министр тапсырмасымен Алматы облысында болды. Алматы қаласында емханадан ауру ошағы шығып, дәрігерлердің арасында түсініспеушілік туғанда да, К. Надыров барған еді. Әрине, қорғаныс киімін киіп, барлық талаптарды сақтады. Дегенмен, аурудың кімнен, қай жерден жұққанын анықтауымыз қажет. Ол кісі қазір қай күні қайда болғанын, кіммен кездескенін тізбектеп жазып отыр. Байланыста болған барлық адамдарға ПТР арқылы диагностика жасалады», - деді ресми өкіл.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау вице-министрі болған Камалжан Надыров коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға жатқызылды. Ол Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісуі керек еді.

Бұған дейін министрлік өкілі Д. Ахметшәріп К. Надыровтың қандай халде жатқанын айтып берген еді.

716 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз