Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Сәуір, 2020

Елордада бір тәулік ішінде санитарлық нормаларды бұзған 15 нысан жабылды

Нұр-Сұлтанда полицейция қызметкерлері эпидемиологтармен, әкімдіктің қызметкерлерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізіп жатыр. Қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен, орталықтандырылған тасымалдаумен қамтамасыз етпей, дезинфекция жұмыстарын жүргізбегені үшін 15 нысанның қызметі тоқтатылды. Жұмысы тоқтатылған нысандардың қатарында құрылыс компаниялары, тапсырыспен айналысатын мейрамханалар мен қонақ үй бар, - деп хабарлайды қала əкімдігінің баспасөз қызметі. Елорда компанияларының басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап жатыр. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін (бұл тамақ тасымалдайтын орындарға қатысты емес). Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Олар арнайы киіммен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді. Санитарлық нормалар мен карантин режимін сақтамаған жағдайда елордада нысандарының қызметі тоқтатылады. Елордада коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қатаң ережелер қабылданды.

742 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз