Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2020

Алматыда алма бағын өртеп жібере жаздаған адам ұсталды

Алматыдағы тау бөктерінде шыққан өртке себепкер болған адам анықталып, жауапкершілікке тартылды. 43 жастағы ер адам Бостандық ауданының Бақтыгереев көшесіндегі үйіне қоршау жасамақ болған. «Ол өз кінәсін мойындады. Қоршау жасайтын темірдің электр құралымен кеспек болғанда, құрғақ шөпке ұшқын тиген. Соның кесірінен 0,8 га аумақ өртенді. Алайда ол өртті сөндіруге тырыспаған. Өрт сөндірушілерді басқа адамдар шақырған. Соның арқасында 20 га аумақтағы бақты өрттен сақтап қалдық», - деді ТЖД баспасөз қызметінен. Ер адам салғырттығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды inform.kz 

805 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз