Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Сәуір, 2020

Lada бөлшектері Қазақстанға жеткізілмейді

АВТОВАЗ Lada автокөліктерін Қазақстанда құрастыру үшін қажет бөлшектер жіберуді тоқтатты. Бұл жөнінде әлеуметтік желідегі For Friends & Для Друзей тобы хабарлады. Олар көлік құрастыратын жинақтар тиелетін алаңның бос тұрғанын жазды. ⠀ Бұған коронавирус індетінің салдарынан көлік тасымалының шектелуі себеп болса керек. Ал Өскемендегі «Азия Авто» зауытының қоры қанша уақытқа жететіні белгісіз. Наурыздың соңы мен сәуірдің басында жаңа автокөліктер сатылымы мүлде тоқтады, бірақ 23 сәуірден бастап машинаны онлайн тіркейтін жүйе іске қосылды. ⠀ Осыған ұқсас жағдай Украинада болып жатыр. Мұндағы ЗАЗ зауытында Lada Vesta, X-Ray, Granta және Largus көліктері құрастырылады. Егер «Азия Авто» бар қуатын Škoda мен Kia-ны құрастыруға жұмсай алатын болса, ЗАЗ-да Lada-ны алмастыратын ештеңе жоқ.

1102 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз