Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2020

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

[caption id="attachment_98973" align="alignnone" width="1498"] Фото: Досжан Балабекұлы / Kazgazeta.kz[/caption] ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 25 сәуір күні Алматы уақытымен 03 сағат 56 минут 34 секундта және 06 сағат 55 минут 25 секундта екі жерасты дүмпуін тіркеді. Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 130 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,5, магнитудасы – 4,5. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балдық деңгейде сезілген. Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 426 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы – 4,9. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. Сезілуі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ. inform.kz

415 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 66 адам тіркелді
Келесі мақала Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдануда

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *