Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2020

Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдануда

[caption id="attachment_98976" align="alignnone" width="900"] Фото: BNews.kz[/caption] Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініштер қабылдау онлайн жүргізілуде. Бұл туралы  Ұлттық тестілеу орталығы хабарлайды. «2020 жылғы 15 сәуірден 10 мамырды қоса алғанда ҰБТ-ға (маусым) өтініштер қабылданады. Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты, қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу өтініштерін қабылдау онлайн түрде өтеді. Сонымен қатар, 8000-нан асатын мектептің әрқайсысына Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) қызметкері қатысып отырған Whats App чаты ашылды. Егер, қандай да бір жағдайға байланысты түлек аталмыш чаттың құрамында болмай қалса, тиісті ауданның қызметкерінің ұялы телефонын ҰТО-ның басты бетінде testcenter.kz немесе http://testcenter.kz/ru/contacts/kontakty-filialov/ сілтемесі арқылы біле алады» делінген хабарламада. Маусымдағы ҰБТ-ға өтініштерді online қабылдау екі санат бойынша атап айтсақ, 2020 жылдың түлектері және өткен жылдардағы мектеп түлектеріне, колледж түлектеріне және ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғаларына жүргізілуде. Айте кетсек, тестілеу мерзімі әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Сынақ 22 маусымда басталады. Және ҰБТ-да түлектер арасында 2 метр қашықтық сақталады.  

601 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз