Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2020

Іле және Күнгей Алатауының қауіпті аумақтары әуеден тексерілді (фото)

[caption id="attachment_98997" align="alignnone" width="6000"] Құмбел сел жырғысы. Фото: Мұрат Қасенов / Қазселденқорғау[/caption] 23-24 сәуір аралағында ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ мамандары Алматы облысының таулы аудандарына жоспарлы әуе-барлау жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап хабарлайды. «Қазселденқорғау» ММ мамандары «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-171 тікұшағымен жүзеге асырылған зерттеу жұмыстарында Іле және Күнгей Алатауындағы биіктаулы мұздықтық-мореналық кешендер, қар көшкіні қауіпті аудандар, орта және аласа таулы аймақтардағы сырғыма қауіпті учаскелер толығымен тексерілді. [caption id="attachment_98995" align="alignnone" width="6000"] Көлсай маңы. Фото: Қазселденқорғау[/caption] Әуе барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша мореналық-мұздықтық көлдер қыстық режимде, сел қаупін төндірмейді. Бектейлердің экспозициясы және рельефке тәуелді түрде қар сызығы 1800-3200 м аралығында болуымен байланысты, 2500 м жоғары таулы аудандарда қар көшкіні қауіптілігі сақталады.
Осы тәуілікте "Қазгидрометтің" бақылауынша еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Мәселен, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста және батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, дауыл, тұман, желдің күшеюі күтіледі.   Сондықтан таулы және тау маңы аймақтарында төтенше жағдайдың қауіпті жағдайы сақталады.
[caption id="attachment_98996" align="alignnone" width="6000"] №10 көл.Ұзынқарғалы. Фото: Мұрат Қасенов / Қазселденқорғау[/caption] Қарқынды жаңбыр нәтижесінде нөсерлі типтегі сел тасқындары және сырғыма құбылыстары орын алуы мүмкін. Сырғыма – тауларда жоталар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы. Сондықтан қазіргі мезгілде таулы аймақтарда сырғыма жылжу қаупі сақталып отыр. [caption id="attachment_98998" align="alignnone" width="6000"] Түйетау, Талғар. Фото: Мұрат Қасенов / Қазселденқорғау[/caption] [caption id="attachment_99001" align="alignnone" width="4608"] Көшкентау, Көлсай маңы. Фото: Мұрат Қасенов / Қазселденқорғау[/caption] [caption id="attachment_98999" align="alignnone" width="2736"] Қарғалы бөгеті. Фото: Мұрат Қасенов / Қазселденқорғау[/caption] [caption id="attachment_99002" align="alignnone" width="6000"] Қызылжар сел жырғысы / Қазселденқорғау[/caption] [caption id="attachment_99003" align="alignnone" width="3648"] Іле Алатауының шыңдары/ Қазселденқорғау[/caption]

Досжан Балабекұлы

3988 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз