Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2020

Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 30 миллион доллар бөледі

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қаржы құюын тоқтатқан соң, Қытай билігі 30 млн доллар бөлетін болып шешті. ⠀ Күншығыс елі одан бұрын коронавируспен күреске 20 млн доллар бағыттаған. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі: «Қаржыландыру арқылы ұйымға деген сенімді білдіргіміз келеді», - деді. ⠀ Еске салсақ, өткен аптада Америка президенті Дональд Трамп халықаралық ұйымды Қытайға жұмыс істейді деп айыптап, ақша бөлуін тоқтатқан. Осы уақытқа дейін тек Пекиннің сойылын соғып, коронавирустың қауіпті екенін күні бұрын айтпады деп сөкті. Ұйымға АҚШ жыл сайын 400-500 млн доллар, ал Қытай небәрі 40 млн доллар жұмсайтынын да еске салды.

840 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз