Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2020

Жетісу Алатауында сел жүру қаупіне байланысты маусымдық бекеттер ашылады

[caption id="attachment_99030" align="alignnone" width="1152"] Жетісу (Жоңғар) Алатауы. Фото: Дәурен Жылқыбаев / Қазселденқорғау[/caption] Төтеншеліктердің жылдағы маусымдық қаурыт жұмысы қайта басталды. Көктем басталып, күз түскенше, таулы аймақтарда қар көшкіні, сел жүру, сырғыма жылжыуы жиілейді. Сондықтан бұл қауіптің алдын алу маңызды. Өйткені еліміздің бірқатар өңірі таулы аймақтарға жақын қоныстанған. Мәселен, Алматы облысының таулы және тау алды аймақтары жыл сайын тұрақты бақылауды қажет етеді. Күні кеше ғана Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық филиалы мамандарының қатысуымен «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның Eurocopter EC-145 тікұшағы көмегімен Жетісу Алатауындағы бірқатар қауіпті аймақтарға әуеден бақыланды. Еске салсақ, біз осыған дейін Іле және Күнгей Алатауындағы осындай жағдайлар бойынша бақылаудан материал ұсынған болатынбыз. [caption id="attachment_99029" align="alignnone" width="1152"] Фото: Дәурен Жылқыбаев / Қазселденқорғау[/caption] Сала мамандары Жетісу Алатауындағы сел қауіпті аудандарға, атап айтқанда Биен, Ақсу, Сарқан, Басқан, Лепсі, Қора, Чажа, Көксу, Өсек, Қорғас өзендері алаптарындағы мұздықтық мореналық кешен және сырғыма қауіпті аймақтарға аэрошолу жұмыстары жүргізген «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлерінің айтуынша, барлық биіктаулы көлдер қысқы режимде: беттік мұз қабатынан арылмаған және көлдерден шығып жатқан ағыс жоқ. 2500 м жоғары аудандарда тұрақты қар жамылғысы жатыр, ал Қорғас өзені алабындағы Қазанкөл көлінде мұз құрсауының әлсіреуі байқалуда, ал өзен арналарында анжыр жүру немесе мұз кептелу құбылыстары бақыланған жоқ. [caption id="attachment_99035" align="alignnone" width="1152"] Фото: Дәурен Жылқыбаев / Қазселденқорғау[/caption] Ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты сел қауіпті кезеңде жұмыс атқаратын маусымдық бақылау бекеттерін аталған аймақта ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін ашу жоспарланып отыр. Жалпы алғанда Жетісу Алатауында 56 сел қауіпті, ал сырғыма қауіп төндіретін 6 учаске бар. Зерттеу қорытындылары бойынша аймақта сел және сырғыма жағдайы тұрақты. [caption id="attachment_99036" align="alignnone" width="1152"] Фото: Дәурен Жылқыбаев / Қазселденқорғау[/caption] [caption id="attachment_99031" align="alignnone" width="1152"] Фото: Дәурен Жылқыбаев / Қазселденқорғау[/caption]

Досжан Балабекұлы

 

4916 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз