Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Сәуір, 2020

Ақтөбеде саяжайға баруға рұқсат беріледі

[caption id="attachment_99044" align="alignnone" width="512"] Фото: kerek-info.kz[/caption] Ақтөбеліктер келесі аптадан бастап саяжайларына баруға рұқсат алады. Ақтөбе облысының жедел штабы саяжайға барып, көктемгі егу жұмыстарына рұқсат беруге шешім қабылдады. «Жеке автокөлікпен бау-бақша ұжымдарының учаскелеріне кіру мен шығу құжаты қаладағы 30 мектепте беріледі. Жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсатнаманы алу үшін жеке куәлік пен жер учаскесінің актісі қажет. 27 сәуірден бастап тұрғын үй алаптарынан бау-бақша ұжымдарына дейін адамдарды тасымалдау үшін «Автопарк» серіктестігі 4 бағытта, «ПАТП» серіктестігі 2 бағытта автобус шығарады. Ал бау-бақша ұжымдарының аумағында тұрақты тұратын адамдарға рұқсатнама берілмейді», - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.  

650 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз