Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Сәуір, 2020

COVID-19 пандемиясы кезіндегі ең қауіпті орындар

[caption id="attachment_99122" align="alignnone" width="1200"] Фото: Dimitar Dilkof / AFP[/caption] Дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирус жұқтыру қаупі жоғары орындарды атады.  Дәрігердің айтуынша, коронавирус жұқтыруда ең қауіпті орындардың бірі - ауруханадағы интенсив терапия палатасы. Содан кейін қоғамдық көлік, оның ішінде, метро, шіркеулер және адам көп жиналатын орындар. Осы жерлерде коронавирус жұқтыру қаупі жоғары дейді.
Бұған дейін Комаровский коронавирус жұқтыру үшін вирустың аздаған түйіршіктері де жеткілікті екенін айтқан болатын. Адам ағзасы вирустың аз мөлшердегі түйіршіктерімен күресе алады. Оның бір дозасы аурудың жеңіл және симптомсыз формасын туғыза алады деген еді. Ал, ол он есе көбейсе, онда өмірге қауіп төнеді деген сөз.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717 адамға жетті. 682 адам жазылды, 25 адам қайтыс болды. tengrinews.kz

628 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз