Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Сәуір, 2020

Түрік тарапы қазақстандықтарды еліне қайтарудан бас тартты - СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың қазақстандықтарды Түркиядан қайтару мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

«24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз елдеріне оралды. Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын. Алайда, түрік тарапы біздің отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты», - деді Айбек Смадияров.

ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдегі Қазақстан азаматтарына отанына оралуына көмек көрсетуін жалғастыратынын жеткізді.

635 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз