Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Сәуір, 2020

Елорданың 28 мыңнан астам тұрғыны 50 мың теңгеден алады

Birgemiz қорынан төленетін төлемдер жеті санаттағы азаматтарға тиесілі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан қаласында «Біз біргеміз» акциясы аясында 28 073 адам қамтылатын көмектің екінші кезеңі басталды. Атап айтқанда, азаматтардың жеті санаты 50 мың теңге көлемінде көмек алады. Олар АӘК алатын аз қамтылған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар зейнеткерлер, жетім балалар, соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар, сондай-ақ қарауында мүгедек балалары бар отбасылар және тыл еңбеккерлері. «Аталған көмек әр отбасына бір рет ғана беріледі. Яғни, бір рет көмек алған адамдар екінші мәрте ала алмайды. 28073 адам - аталған көмекке мұқтаж алғашқы кезеңде қамтылғандардан өзге адамдар», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Тәңірбергенова. «Біз біргеміз» акциясы аясында көмектің алғашқы толқыны барысында елорданың 14 478 тұрғыны 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алған болатын. «Ешкімге өтінім берудің қажеті жоқ. Біз барлық мәліметтерді Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығының деректер қорынан әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы аламыз. Яғни, егер адам елордада ресми тіркелсе, жәрдемақы, зейнетақы, АӘК және басқа да мемлекеттік жәрдемақы түрінде қандай да бір төлем алатын болса, ол автоматты түрде біздің тізімге енеді», – деп түсіндірді Nur Otan қалалық партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов. Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік себеттерін алуға өтінімді партияның қоғамдық қабылдауы арқылы беруге болады.

885 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз