Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Сәуір, 2020

Алматыдағы балалар ауруханасына 5 жаңа реанимациялық кереует табыс етілді

Қайырымдылық қоры Алматының қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 5 жаңа реанимация кереуетін табыс етті. Құны 14 млн теңге тұратын кереуетті қор президенті Айдан Сүлейменова сатып алған. Пандемия кезеңінде Алматының балалар жұқпалы аурулар ауруханасы қайта жабдықталып, еліміздің ірі мегаполисінде жаңа коронавирус инфекциясымен күресетін басты орталыққа айналды. Мұнда вирус жұқтырған балалар ғана емес, ересектер де емделіп жатыр. Төтенше жағдай кезінде балалар жұқпалы аурулар ауруханасына ересектерге арналған реанимация кереуеттері аса қажет. Сондықтан аурухана басшылығы «АЯЛА» қорынан көмек сұраған болатын. Демеуші таппаған соң қор президенті қажетті реанимация кереуеттерінің жартысын өз қаражатына сатып алу жөнінде шешім қабылдады. Жаңа төрт секциялық мамандандырылған реанимация кереуеттері Түркияда жасалған. Олар жүрек және өкпе жеткіліксіздігімен ауыратын науқасты барынша ыңғайлы қалыпқа автоматты режімде тез және қауіпсіз ауыстыруға мүмкіндік береді. Өкпенің жеткіліксіздігі кезінде шалқалап отыру өкпеге жүктемені азайтады және жеңіл тыныс алуға мүмкіндік береді. Басқару пульттері арқа және жамбас секцияларын жеке-жеке және бір мезгілде арқа мен жамбас секцияларының биіктігін автоматты режимде бірге өзгерте отырып ретке келтіруге мүмкіндік береді. Ал кереуеттің аккумуляторы егер тіпті ауруханада қандай да бір себеппен электр болмай қалса да емделушілерге төтенше көмек көрсетілетініне кепілдік береді. Алматы Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының басшылығы жан сақтау бөліміне ең озық жабдық жеткізіп үнемі қолдау көрсеткені үшін «АЯЛА» қорына алғыс білдірді. Осы қор жақында Алматының ересектерге арналған қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жалпы құны 30 млн теңге болатын 10 жаңа реанимация кереуетін табыстаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

2533 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз