Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Сәуір, 2020

Алматыда синтетикалық есірткі сатқан адам ұсталды

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы прокуратурасымен бірге қала аумағында синтетикалық есірткі затын сатуға қатысы бар топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. 2020 жылғы 16 сәуірде ҰҚКД қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 300 грамм мөлшерінде синтетикалық есірткі сату кезінде Алматы қаласының С. атты тұрғынын ұстады. Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақшаларына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Соңғы кездері Алматы қаласында синтетикалық есірткіні жасырын қолдан жасау және сату фактілері артып отыр. Соңғы уақытта ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі заңсыз айналымының 16 фактісінің жолын кесті. 9 кг астам психотроптық зат пен 986 литр химиялық қоспа заңсыз айналымнан алынды. Үш жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 13 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

522 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматыдағы балалар ауруханасына 5 жаңа реанимациялық кереует табыс етілді
Келесі мақала ДЕМЕУШІЛЕР НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҮШІН ҚАЖЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ САТЫП АЛДЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *