Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік жұмысы қашан жанданады?

Карантин аяқталғанша қоғамдық көліктер жұмысы жанданбайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті. «Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі сейілмегендіктен, адамдар көп жиналатын орындар, яғни сауда және ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен дәмханалар (тек онлайн тапсырыс) жабық болады. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жұмысы карантин аяқталғанша қайта іске қосылмайды», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде. Осы орайда ол қоғамдық көліктерде адамдар көп жиналғандықтан, бұл жағдай инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін. «Қоғамдық көлікті іске қосуды 11 мамырдан кейін қарастырамыз, яғни Мемлекеттік комиссияның тиісті шешімінен кейін», - деді әкім орынбасары. Дереккөз: www.inform. kz

709 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз