Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Сәуір, 2020

ӘУЕ РЕЙСТЕРІНЕ БИЛЕТТЕР БҮГІННЕН БАСТАП САТЫЛЫМҒА ШЫҒАДЫ!

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан – Алматы әуе қатынасы ашылады. Қалалар арасында күніне 6 рейс жасалады. Оның ішінде 2 рейсті "Air Astana", тағы екеуін "Qazaq Air", 1 рейсті "Fly Arystan" және тағы біреуін "SCAT" әуе компаниясы орындайды. ⠀ Билеттер бүгіннен сатылымға шығады. Әуе компаниялары олардың бағасын ТЖ-ға дейінгі деңгейде сақтауға міндетті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұшуға қойылатын талаптарды атады: ⠀ жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (оның қолданылу мерзімі - 7 күн); жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар); термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау; әуежайлар мен ұшақтарды күшейтілген негізде залалсыздандыру. ⠀ Санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Оған сәйкес, бұл рейстерде бортта тамақ берілмейді. Жолаушылар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен тапсыруы қажет.

775 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз