Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Сәуір, 2020

Кейбір заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды

Парламент Сенатында сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтаужәне пайдалану бөлігінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатын көздейді. Заң жобасы қабылданғанда жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерін құқықтық реттеуде құқықтық олқылықтарды жоюға, жеке және заңды тұлғалардың жұмылдыру дайындығы саласындағы міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылығын арттыруға, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыруға және олардың жүргiзiлуiне тұрақты бақылау жасауға, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық ресурстарының запастарын сақтау және уақтылы жаңартуға мүмкіндік береді. Сенатор Талғат Мұсабаев қаралып отырған заң жобасы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйелерін, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервті жетілдіруге бағытталғанын айтты. «Заң жобасында алғаш рет жұмылдыру дайындығы саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Сонымен қатар, мұндағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылауды енгізу жаңалықболып табылады. Бұл заң жобасы өте маңызды, өйткені оны қабылдау біздің еліміздің жұмылдыру дайындығын мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ететін деңгейде қолдауға мүмкіндік береді», - деді ол. Комитеттің кеңейтілген отырысында сондай-ақ «Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Құжатты ратификациялаудағы мақсат - БҰҰ мен оның түрлі мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен иммунитеттерін бірізділікке келтіруболып табылады.Қазақстан БҰҰ-ның 19 мамандандырылған мекемесіне мүше болып табылады, біздің елімізде олардың кейбірінің(ДДҰ, ФАО, ХҚДБ, ХВҚ, ХҚК, ЮНЕСКО, ХЕҰ) өкілдіктері бар. Сондай-ақ, бұл заңнама Қазақстанның аумағында мамандандырылған мекемелердің қызметі үшін Конвенцияда көрсетілген ерекше жағдайларды жасау ратификациялаудың міндетін көздейді. Атап айтқанда, мұндай мекемелер, олардың активтері, кірістері және басқа да меншігі барлық тікелей салықтардан босатылады, ал лауазымды адамдар БҰҰ лауазымды адамдарына тиесілі жеңілдіктерді пайдаланады. Заң жобасын қабылдаудан күтілетін нәтиже – елімізде мамандандырылған мекемелердің қызметі үшін қолайлы жағдай жасау, бұл екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, сондай-ақ қызметті үйлестіру мен оның тиімділігін арттыруға ықпалын тигізетін болады. Сенатор Төлеубек Мұқашевтың айтуынша, Қазақстан Конвенцияны ескертпемен және мәлімдемемен ратификациялайтын болады. "Ескертудің қажеттілігі Қазақстан азаматтарының осы ережелерге объективті түрде қол жеткізе алмайтындығына байланысты, өйткені олар шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылмайды, тиісінше оларға осы адамдардың өз азаматтығы бар мемлекеттің аумағында болуына байланысты репатриациялау рәсімі қолданылмайды. Мәлімдемеге келер болсақ, ол "кедендік алымдар" терминін қолдануға байланысты, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босату ұсынылатын кедендік төлемдердің барлық түрлері деп түсініледі", - деді сенатор. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

1606 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз