Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Сәуір, 2020

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ!

Ержан Бабақұмаров ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша зертхана басшыларымен кеңес өткізді. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинмен видео-конференция байланысы арқылы COVID-19-ға зерттеу жүргізетін алты зертхананың басшыларымен кездесу өткізді. Конференцияда мемлекет басшысының тұрғындарды коронавирустық инфекцияға тестілеу көлемін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Бүгінде Алматыда жүргізілетін зерттеулер санын күніне 2,5 мың тестке дейін жеткізу міндеті тұр. Сондай-ақ зертханалардың функцияларын шектеу және зерттелетін тұлғалар контингенті бойынша мобильді бригадаларды бөлу мәселелері талқыланды. COVID-19-ға тексеру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин баяндады. Бүгінде Алматы қаласында ПТР әдісімен коронавирусты диагностикалауды 6 зертхана жүзеге асырады.Олар: Ұлттық сараптама орталығы, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Орталық референс-зертхана, сондай-ақ Қазақстан-Корей клиникасы мен "Олимп" КДЗ. Алматыда ПТР әдісімен барлығы 42 мыңнан астам тест өткізілді. Жүргізілетін зерттеулер санының көрсеткіші жоспарлы түрде өскені байқалады. Тест алудың ең жоғарғы қуаттылығы күніне 1900 болғанына қарамастан, соңғы 7 күннің ішінде қалада орташа есеппен 2 155 тест жүргізілді. Тест алу жұмысына барлығы 300 қызметкер жұмылдырылған. Сонымен қатар, зертханаларда нысандар мен ауру ошақтары аймағына баруға арналған мобильді бригадалар да қызмет етеді. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров тестілердің үздіксіз алынып, оның қуаттылығын ұлғайту үшін зертханаларды қажетті материалдармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. «Тестілеу көлемін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысы бұйрығын орындау мақсатында мамандар әлеуетін арттыру және қосымша медициналық бригадалар құру қажет», – деп атап өтті Е. Бабақұмаров. Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлерін зерттеу материалдарын алу әдістемелерін оқыту жоспарын жасау тапсырылды.

1011 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз