Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Сәуір, 2020

Оңтүстік Кореяда қойма өртеніп, Қазақстан азаматтары көз жұмды

29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт шығып, 38 адам қайтыс болды деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған адамдардың 29-ы анықталған. Олардың екеуі Қазақстан азаматы екені белгілі болды.

«38 адам қайтыс болған, 10 адам жарақат алған. Оқиға орнында әлі де болса іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ы, оның ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматы анықталған. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста», - делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада

799 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз