- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 30 Сәуір, 2020
ҚАЗАҚСТАН ҚЫРҒЫЗСТАНҒА 800 ТОННА ҰН ЖІБЕРДІ

Еліміз гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстанға 800 тонна ұн жіберді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, теміржол арқылы 12 вагонмен жеткізілді. Көмек ең алдымен мұқтаж жандарға беріледі. Бұл - Қырғыз еліне көрсетілетін гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы.
⠀
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуірде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы Кеңесінде Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн АҚШ долларынан астам қаражатқа 5 мың тонна ұн бөлу туралы шешім қабылдаған. Қырғыз тарапы көрсетілген көмекті жоғары бағалап, Қазақстанға ризашылығын білдірді.

756 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
ҚПЛ қайта оралады!
Келесі мақала
Елімізде ауыл тұрғындарына кепілсіз несие беру ұсынылуда
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *